Сегодня средняя заработная плата в Казахстане составляет порядка 350 тысяч тенге. Но есть и те, кто получают миллионы.
Бүгінгі күні Қазақстанда орташа жалақы шамамен 350 мың теңгені құрайды. Алайда миллиондаған табыс табатындар да бар.
Қандай мамандар ең жоғары жалақы алады деп ойлайсыз? Архитекторлар ма? Дипломаттар ма? Әлде IT-сегментінің өкілдері ме?
Ең жоғары жалақы алатын мамандықтар статистикасына көз жүгіртейік:
Бағдарламашылар. Олардың нарықтағы жалақысы 900 мыңнан 1,9 миллион теңгеге дейін ауытқиды.
Инженерлер. 2024 жылы Қазақстандағы ең сұранысқа ие мамандардың бірі. Жоғары санатты инженерлердің табысы 700 мың теңгеден басталып, тар сегментте 1 миллионнан асады.
Ұшқыштар. Романтикалық мамандықтың өкілдері 600 мыңнан 1 миллион теңгеден астам табыс табады.
Қаржы кеңесшілері. Орта деңгейдегі қызметкерлер шамамен 300 мың теңге алады, ал тәжірибелі әріптестері 600 мыңнан 900 мың теңгеге дейін табыс табады.
Менеджерлер. Тәжірибесіне және саласына байланысты бұл мамандар 300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін табыс табады.
Бұл мамандықтар Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын мамандар қатарында.